Синхрондалу

Егер орау генераторы мен сигналдың арасында ешқандай байланыс болмаса, онда оралу басталады және сигнал әр түрлі уақытта пайда болып осциллограф экранындағы сигнал бейнесі сигнал жиілігі мен орауына байланысты әр түрлі жаққа ауытқи бастайды. Бейнені тоқтату үшін генераторды синхрондау қажет. Бұл дегеніміз орау басын периодты сигналдың пайда болу басымен теңестіретін тәртіп орнатуымыз қажет (айталық синусоидалды). Генераторды ішкі сигналдың көмегімен де (күшейткіштің тік ауытқуынан алынады), ішкімен де синхрондалады. Ол “ВXОД СИНXР.” ұяшығына беріледі. Ауыстырғыш (2) көмегімен белгілі бір тәтіп таңдалынып алынады - ВНУТР.- ВНЕШН. синхрондалуы (ауыстырғыштың құрылымдық сызбасы “внутренняя синхронизация” жағдайында тұрады).

Синхрондалу (5) реттеуішпен реттеледі. Бұл тетікті сол жақ шеткі жағдайдан (- таңбасы) оң жақ шеткі жағдайға дейін (+ таңбасы) бұрауға болады. Синхрондалудың реттелуі сигналдың полярлығына байланысты (5) тетігі сол жақ шеткі жағдайда (-) тұрған кезде орау генераторы теріс бетке синхрондалады (синусоидалды кернеу), ал оң жақ шеткі (+) – оң бетке синхрондалады. Тетіктің ортаңғы жағдайында синхрондалу өшіріледі. Осциллографтың кейбір құрылымдарында (- және +) синхрондалуды ауыстыруы бөлек ауыстырғыштардың көмегімен жүргізіледі. Бұл жағдайда (5) тетігі синхрондалу амплитудасын өзгертеді. Оның көмегімен экрандағы бейне тұрақтанады.

4 Жұмыстың орындалу тәртібі

1. “ФОКУСИРОВКА” (5) ауыстырғышы көмегімен электронды сәуле кеңдігін өзгертеміз, “ЯРКОСТЬ” (7) ауыстырғышын қолдану арқылы экран люминофорының жарқырау жарықтығын өзгертеміз.

2. “ЧАСТОТА ГРУБО” (9) және “ЧАСТОТА ПЛАВНО” (8) реттегішін қолдану арқылы қоректену блогі беретін аратектес кернеудің жиілігін өзгертеміз.

3. “УСИЛЕНИЕ Х” (12) реттегішімен шығыс артектес кернеудің амплитудасы экран бетіне толық ауытқығанға дейін өзгертеміз.

4. Кіріс аттенюаторы (4) ауыстырғышымен сигнал амплитудысын 10-100 есе өзгертеміз. (11) ауыстырғышы көмегімен сигнал бейнесінің өзгеруін тік жағдайында аламыз.



5. Көлденең ауытқу каналының кірісінде ауыстырғышты қолдану арқылы осциллографты тұрақты ток вольтметрі ретінде қолданамыз (1).

6. Орау жұмысы тәртібінің ауыстырғышы көмегімен орау генераторы жұмысының тәртібін автоматты және күту тәртібіне ауыстырамыз.

7. “ВНУТР.- ВНЕШН.” ауыстырғышы көмегімен орау генераторының синхрондалуын ішкі және сыртқы сигналдарға өзгертеміз.

8. (5) ауыстырғышы көмегімен орау генераторының теріс және оң беттік синусоидалды кернеуге синхрондаймыз. Синхрондалуды өшіреміз.

5 Есеп беру мазмұны

Жұмыстың есеп беру мазмұны төмендегідей болу қажет:

- жұмыс мақсаты;

- осциллограф жіктемелері;

- сәулелік таяқша құрылымының сипаттамасы;

- осциллографтың негізгі бөлшектері;

- осциллографтың мүмкіншіліктері.

6 Бақылау сұрақтары

1. Осциллограф деген не және ол не үшін қолданылады?

2. Осциллографті қолданылуы мен жұмыс істеу принципі бойынша қалай бөлуге болады?

3. Электронды-сәулелік таяқша деген не?

4. Осциллографтың қай бөлшектері негізгіге жатады? Оларға сипаттама бер.

5. Осциллографтың көмегімен сигнал амплитудасын қалай өлшеуге болады?

6. Осциллографтың көмегімен сигнал жиілігін қалай өлшеуге болады?

7. Күту режимі не үшін қажет?

8. Сыртқы синхрондалу не үшін қажет?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Аналоговые электроизмерительные приборы: Учебное пособие для вузов по специальности "Информационно-измерительная техника" /Бишард Е.Г. и др. –2-е изд., перераб. и доп. – М.: Высшая школа, 1991. – 415 с.



2. Электрорадиоизмерения: Учебник. /В.И. Нефедов, А.С. Сигов, В.К. Битюков и др. /Под ред. профессора А.С. Сигова. – М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2004. – 384 с.: ил.

СӨЖ үшін арналған бақылау сұрақтары

1. Аналогты осциллографтардың жұмыс принципін оқып үйрену және олардың сандық осциллографтардан айырмашылығын ажырата білу қажет.

2. Осциллографтың қателіктері және оларды азайту әдістері.


5555846250787355.html
5555890346736442.html
    PR.RU™